Боччадан Қазақстан чемпионаты байрағын көтерді

Елордада боччадан Қазақстан чемпионаты байрағын көтерді.

Оған 10 өңір мен 2 қаладан командалар қатысып жатыр. Спорттың бұл түрі мүмкіндігі шектеулі жандардың қимыл-қозғалысын дамытуға арналған. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары боччаға қызығушылар көбейген.  Ел біріншілігіне былтыр 50 шақты адам қатысса, бұл жолы олардың қатары 90-ға жуықтады. Жарыс ай соңына дейін жалғасады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті:

- Бочча Қазақстанда қарқынды дами бастады деп айтсақ, артық болмайды. Бүгінгі күні 10 облыста боччадан өңірлік федерациялары жұмысын бастады. Өздерінің командаларын алып келіп, осы чемпионатқа қатысуда. Осы біздің чемпионатымыз өте жоғары деңгейде өтетініне толықтай сенеміз. 

Әлия Құбаева, жарысқа қатысушының анасы:

- Бочча ойынынан зейіні тұрақталды. Қолы жақсарды және нақтылықты, түзу лақтыруды, көздеуді үйренді бала.  Ол бізге үлкен жетістік. Бұл ортаға келгелі біздер достар таптық, орта таптық.