«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының 2024 жылғы жеңімпазы атанды
![«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының 2024 жылғы жеңімпазы атанды](/media/k2/items/cache/e095bb686e8f7edcc624f507706d2ef4_XL.jpg?t=20240602_034550)
«Реал Мадрид» футбол клубы Германияның «Боруссия Дортмунд» командасын жеңіп, UEFA чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.
Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен Чемпиондар лигасының финалдық матчында испандық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл екі голды 74-минутта Дани Карвахаль және 83-минутта Винисиус Жуниор соқты.
«Реал Мадрид» үшін бұл 15-ші жеңіс. Соңғы рет бұл команда Чемпиондар лигасын 2022 жылы жеңіп алған еді.