Испания құрамасы жартылай финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды
![Испания құрамасы жартылай финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды](/media/k2/items/cache/c7ff84fb2497aede1fe755a5c6e6c1cd_XL.jpg?t=20240706_063527)
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында Испания құрамасы жартылай финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды.
Овертаймға ұласқан ойында Испанияның бағы жанды. Қорытынды есеп 2:1. Құрлықтық доданың тағы бір ширек финалында Франция мен Португалия жолықты. Кіл мықтылар жиналған қос құрама негізгі уақытта да, экстра-таймда да гол сала алмай, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Португалия құрамасының ойыншысы Жоау Феликс 11 метрлік айып добын тебуден мүлт кетіп, Франция құрамасы 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша француздар жартылай финалға жолдама алған екінші команда атанды. Айта өтейін, бүгін Англия мен Швейцария, Нидерланд пен Түркия құрамалары кездеседі.