Елдос Сметов Олимпиада ойындарының финалына шықты
![Елдос Сметов Олимпиада ойындарының финалына шықты](/media/k2/items/cache/9fdb7035bdbd84a23a451f09c33c1964_XL.jpg?t=20240727_045231)
Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Франсиско Гарригосты (Испания) қосымша уақытта (golden score) ұтты.
Екі татами шебері осыған дейін 4 мәрте күш сынасқан (2-2). Елдос бұл текетіресте алға шықты.
Финалда Елдос пен Лука Мхеидзе (Франция) күреседі.
Бүгін іріктеуде Сметов Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейді (Тайпей) жыққан.