Ризабек Айтмұхан күрестен әлем чемпионатының финалына шықты
![Ризабек Айтмұхан күрестен әлем чемпионатының финалына шықты](/media/k2/items/cache/227781cc8333d046a771a954da0d48fd_XL.jpg?t=20240906_060837)
Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан финалға шықты.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.
Жартылай финалдық белдесуде Ризабек америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді.
Турнир барысында ол Грекия және Иран балуандарын ірі есеппен ұтқан болатын.
Финалда Ризабек Айтмұхан әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі.
Алтын медаль үшін өтетін кездесу ертеңге жоспарланған.