Көшпенділер ойындарының жабылуы көрерменсіз өтеді
![Көшпенділер ойындарының жабылуы көрерменсіз өтеді](/media/k2/items/cache/f3c58285b63ace3b0b83de6925e9a24e_XL.jpg?t=20240913_101501)
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды 24kz.
Ұйымдастырушылар мұны көктемдегі тасқынға байланысты бюджеттің қысқартылуымен байланыстырып отыр. Іс-шара хаттамалық форматта, яғни спортшылардың қатысуымен өтеді. Сондықтан билеттердің алдын ала сатылмайтынын, егер сатылған жағдайда алаяқтық екенін ескертеді. Жабылу рәсімі бүгін сағат 16:00-де басталады. Оны отандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді.