Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді
![Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді](/media/k2/items/cache/8d0468e4cfae9ef551bb61737dd02247_XL.jpg?t=20240924_052942)
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды 24kz.
Турнир 1 және 5 қазан аралығында ұйымдастырылады. Республикалық біріншілік арқылы алдағы халықаралық жарыстарға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады. Ал алғашқы екі әлемдік дода 26-27 қазан күндері Монреаль қаласында өтеді.