Жерлестеріміз футзалдан әлем чемпиондарын жеңді
![Жерлестеріміз футзалдан әлем чемпиондарын жеңді](/media/k2/items/cache/c89de23744a9a2a4db3e6ca83a2569e9_XL.jpg)
Футзалдан Қазақстанның ерлер командасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды 24KZ.
Тартысты ойында біздің команда Португалиядан келген қазіргі әлем чемпиондарын 2:1 есебімен жеңді.
Айта кету керек, алғашқы есепті Шыңғыс Есенаманов ашты. Ал екінші кезеңнің соңында Дәурен Тұрсағұлов Қазақстанды тағы да алға шығарды. Нәтижесінде оның салған добы жеңіс сыйлады.