Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы плей-офф матчын жеңіспен бастады
![Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы плей-офф матчын жеңіспен бастады](/media/k2/items/cache/c2ad010b735cf870c86322e220334f44_XL.jpg?t=20241116_030128)
Теннистен Қазақстан құрама командасы Билли Джин Кинг кубогының плей-офф ойындарын жеңіспен бастады.
Зарина Дияс оңтүстіккореялық Да Ен Бактан үш сет қорытындысы бойынша басым түссе, Елена Рыбакина мен Пак Со Хён арасындағы ойын 6:2, 6:2 есебімен аяқталды. Осылайша, қыздарымыз 2:0 есебімен алға шықты. Ертең Рыбакина Да Ен Бакпен, ал Дияс Пак Со Хёнмен кездесуі тиіс. Соңғы ойындар жұптық бәсекеге ұласады.