Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы басталды

«Қайрат» франциялық команданы жеңді, деп хабарлайды 24kz.

Ал, «Семей» испаниялық командадан жеңілді. Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы басталды. Элиталық кезеңде Қазақстанның екі клубы өнер көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, алматылдық «Қайрат» алғашқы мачта франциялық «Этуаль» командасымен жолығып, 4:2 есебімен басым түсті. Б тобында «Қайрат» пен «Этуальдан» бөлек, Хорватияның «Олмиссум» және «Динамо» командалары бар. Яғни, «Қайрат» енді бүгін «Олмиссумпен», араға бірер күн салып «Динамомен» кездеседі. Бұл топтың ойындары Загреб қаласында өтіп жатыр. Ал, «Семей» командасы болса «Д» тобында ойнауда және алғашқы мачта испаниялық «Пальмамен» жолықты. Матч 1:4 есебімен аяқталды. Абай облысының ұжымы енді польшаның «Рекордымен» және словакияның «Мимел Лученец» командасымен ойнайды. Д тобының матчтары Испанияның Мальорка қаласында өтеді. Финалдық кезеңге әр топтың жеңімпаздары ғана жолдама алады.

 

Легионерлерден үнемделген қаржы балалар спортына жұмсалады

Легионерлерден үнемделген қаржы балалар спортына жұмсалады. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Ведмоство басшысы бірер күн бұрын Президенттің қабылдауында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту және федерациялар жұмысын оңтайландыру мәселелері сөз болды. Тіпті осы мақсатта арнайы заң жобасы дайындалып, бірінші оқылымда Мәжіліс депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды. Ал, енді аталмыш бастамалардан үнемделген қаржы қайда жұмсалады деген сұраққа министр былай жауап берді.

 

Отандық дзюдода қандай өзгерістер болады?

Бұған қоса, министр отандық дзюдода орын алатын өзгерістер жайында да айтты. Яғни, жуырда италиялық Эцио Гамба бастаған кешенді топ елімізге келеді деген ақпарат тараған еді. Италияның және Ресейдің спортын көтеріп, бірнеше Олимпиада чемпионын шығарған маман енді біздің спортшыларға да барынша қолдау танытпақ. Яғни, халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесін енгізеді. Кешенді топта әлем чемпионатының жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық білікті маман Цуёси Цунода бар. «Олардың үлкен тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізуі керек», - дейді Ербол Мырзабосынов.

 

Ұлттық спорттар мәртебесі заңмен бекітіледі

Ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорттары қатарына қосылады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов мәлімдеді. Халық қалаулысы дене шынықтыру және спорт туралы заң жобасына осындай норма ұсынғандарын және ол жұмыс тобы өкілдері тарапынан қолдау тапқанын алға тартты. Яғни, бұдан былай тек олимпиадалық, паралимпиаладық және сурдоолимпиадалық спорт түрлері ғана емес, ұлттық спорттарға да ерекше мәртебе беріліп, бөлек көңіл бөлінеді. Бұндай тәжірибе өзге елдер де бар. Сәйкесінше, оны норманың арқасында ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерге нүкте қойылады деген үмітте. Өйткені бұған дейін аталмыш бағыттарға аса назар аударылмайтын және қажыландыру деңгейі де өте төмен болатын.