Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/8 финалында ұтылды
![Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/8 финалында ұтылды](/media/k2/items/cache/499777811ca2ecd849ff10df9091da10_XL.jpg?t=20241129_065705)
Үстел теннисінен Хельсинборг қаласында (Швеция) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалдық матчта жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл кезеңде Құрманғалиевтің қарсыласы неміс спортшысы Андре Бертельсмайер болды. Кездесу 4:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, 17 жастағы Алан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында өнер көрсетті.
1/16 финалда Құрманғалиев Камерундық Юлан Батиксты 4:3 есебімен жеңіп, жарысты жалғастырған еді.
Сонымен қатар ол жұптық сайыстарда да бақ сынады. Төменде оның нәтижелері көрсетілген:
Жұптық сайыс, 1/8 финал
Алан Құрманғалиев/Вассим Эсид (Қазақстан/Тунис) - Флавьен Котон/Натан Лам (Франция) 1:3.
Аралас жұптық сайыс, 1/16 финал
Алан Құрманғалиев/Вонг Хой Тунг (Қазақстан/Гонконг) - Исак Альфредссон/Агнес Свенссон (Швеция) 2:3.