Шавкат Рахмонов пен Иэн Гарри көз түйістірді
![Шавкат Рахмонов пен Иэн Гарри көз түйістірді](/media/k2/items/cache/18351a56dec9f37bc989268510df65d6_XL.jpg)
Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен оның ирландиялық қарсыласы Иэн Гарри салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, соңғы рет көз түйістірді, деп хабарлайды 24KZ. Ертең олар UFC 310 турнирі аясында өтетін жекпе-жекте бақ сынайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша Шавкат Рахмоновқа сайысқа қатысқаны үшін 350 мың доллар төленеді. Жеңген жағдайында бұл сома 100 мың долларға артады.
Рахмонов Гэрри жекпе-жегі Қазақстанда көрсетілмейді. Оны жексенбі күні UFC ресми сайтында, біздің уақыт бойынша таңғы 9-да стримингтік платформаларда көруге болады.
Өз кезегінде Шавкат Рахмоновтың жанкүйерлері оған жан-жақты қолдау білдіріп жатыр. Тіпті елордадағы ғимараттардың бірінде арнайы бейнеролик жарияланды.