Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Словакияға жол тартады
![Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Словакияға жол тартады](/media/k2/items/cache/e5eaeaf5dd76936edd533ffeb76d19f5_XL.jpg?t=20241210_052411)
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 12-15 желтоқсан аралығында 2026 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды 24kz.
Жерлестеріміз үшінші іріктеу кезеңін D тобында өткізеді. Қазір олар Австрияның Берг қаласында оқу-жаттығу жиындарында жүр. Ал ертең Словакияның Пьештяни қаласына жол тартады. Онда бұрымдыларымыз Словакия, Исландия және Словениямен ойнайды. Жарыстың келесі сатысына тек бір құрама жолдама алады.