Қазақстан құрамасы теннистен United Cup турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды
![Қазақстан құрамасы теннистен United Cup турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды](/media/k2/items/cache/bf7f90b0c1349f15cfd306a8142192ff_XL.jpg?t=20250104_051132)
Теннистен Қазақстан құрамасы Австралияда өтіп жатқан United Cup командалық турнирінің финалына шыға алмады.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.
Жартылай финалда біздің теннисшілер Польша құрамасымен кездесті.
Алғашқы ойында Александр Шевченко Хуберт Хуркачқа 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекке қарсы ойында 6:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Турнирлік маңызы жоқ соңғы кездесуде Жібек Құламбаева мен Александр Шевченко Майя Хвалиньска және Ян Зелински жұбына 4:6, 1:6 есебімен жол берді.