Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін сәтті бастады
![Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін сәтті бастады](/media/k2/items/cache/a61b79c99c03aa7b137759070e27f823_XL.jpg?t=20250119_091234)
Мельбурн қаласында жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 39-орында тұрған қазақстандық Заңғар Нұрланұлы бірінші айналымда австралиялық Николас Бейкерді 6:2, 3:6, 6:3 есебімен ұтты.
Қазақстандық екінші айналымда ITF Juniors рейтингінде әлемнің 21-ракеткасы болгар Александр Васильевке қарсы ойнайды.