Елордалық «Барыс» ХК ресейлік «Сибирь» командасын жеңді

Астанада өткен Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойыны аясында қазақстандық «Барыс» хоккейшілері Ресейден келген «Сибирь» командасымен кездесті.

Матч қорытындысы бойынша елордалық команда «Сибирьді» 4:3 есебімен жеңді.

Еске сала кетсек, осыған дейін елордада қазақстандық «Барыс» клубының хоккейшілері Ресейден келген «Сибирь» командасымен матч өткізетінін хабарладық.

prosports.kz