Қазақстанның қаңтар айындағы топ-10 боксшысының тізімі жарияланды

Қазақстанның қаңтар айындағы топ-10 боксшысының тізімі жарияланды

BoxRec қаңтар қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылардың P4P рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) рейтинг көшбасшысы атанды. Екінші орында - Сұлтан Зәуірбек (19-0, 13 КО). Үздік үштікті Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) түйіндеді.

BoxRec нұсқасы бойынша қаңтар айындағы Қазақстанның үздік 10 боксшысы: 

  1. Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО)
  2. Сұлтан Зәурбек (19-0, 13 КО)
  3. Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО)
  4. Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО)
  5. Бек Нұрмағанбет (13-0, 11 КО)
  6. Бекман Сойлыбаев (19-1, 10 КО)
  7. Сергей Липинец (18-3-1, 13 КО)
  8. Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО)
  9. Әли Ахмедов (23-1, 17 КО)
  10. Руслан Мәдиев (16-2, 6 КО).