Евгений Кошкин Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
![Евгений Кошкин Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды](/media/k2/items/cache/fb384ef3be5792bc5a9cfac1fff1dd9d_XL.jpg?t=20250208_060534)
Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды.
Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды.
Спортшы 100 метр қашықтықта екінші нәтиже көрсетті. Ол тек қытайлық Гао Тиньююға жол берді. Үздік үштікті Оңтүстік кореялық Джун Хо Ким түйіндеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір екі күміс жүлде бар. Бұған дейін Қазақстан құрамасы шорт-тректен аралас эстафетада екінші орын алған болатын.