Азиада-2025: Шаңғышы Константин Борцов қола жүлдеге ие болды

Азиада-2025: Шаңғышы Константин Борцов қола жүлдеге ие болды
фото: olympic.kz

Қазақстандық шаңғышы Константин Борцов Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Спортшы ерлер арасында классикалық стильдегі спринттің финалында үшінші болып мәреге жетті.

Жарыста жеңіске Қытайлық Ван Сянь жетсе, екінші орынды жапониялық Харуки Ямашита иеленді.

Олжас Климин жарысты бесінші орынмен аяқтады.