Азиада-2025: Қазақстан қоржынында үш медаль

Отандық спортшылар Қытайдағы қысқы Азия ойындарында үш күміс медальді қоржынға түсірді. Елімізге алғашқы жеңісті 2000 метрлік аралас эстафетада өнер көрсеткен шорт-трекшілер әкелді. Евгений Кошкин конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта мәреге екінші болып келді. Ал шаңғы жарысында ерлер арасындағы спринтте жапон спортшысы тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін оның күміс жүлдесі отандасымыз Константин Борцовқа табысталды.

Айта кеткен жөн, ұлттық құрама жалпы командалық есепте 4 орында тұр. Харбинде өтіп жатқан дода 14 ақпанға дейін жалғасады.