Қазақстан әйелдер құрамасы Қысқы Азия ойындарында шорт-тректен күміс медаль алды
![Қазақстан әйелдер құрамасы Қысқы Азия ойындарында шорт-тректен күміс медаль алды](/media/k2/items/cache/78774420d345416d2917318e30a04798_XL.jpg?t=20250209_104725)
Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс медальді жеңіп алды.
Қазақстандықтар 3000 метрлік қашықтықтағы эстафетада екінші орынға көтерілді. Финалда ел намысын Ольга Тихонова, Малика Ермек, Алина Әжғалиева және Яна Хан қорғады.
Алтын медальды Қытай жеңіп алса, Жапония үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан аралас эстафетада да күміс медальді иеленген болатын.
Olympic.kz