Ербол Хамитов – парабиатлоннан әлем чемпионы
Ербол Хамитов парабиатлоннан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды 24kz.
Словенияның Поклюка қаласында өтіп жатқан байрақты бәсекеде жерлесіміз 12.5 қашықтықты 35 минут 29 секундта еңсерді. Осылайша, қарсыластарын шаң қаптырды. Екінші орынды канадалық Дерек Заплатонский алса, үздік үштікті американдық Аарон Пайк түйіндеді.
Айта кетейік, жарыстың бірінші күні тағы бір қазақстандық пара спортшы спринттік бәсекеде қола медальді қанжығасына байлаған еді.