Азиада-2025: Қазақстан конькимен жүгіруден төртінші орын алды
![Азиада-2025: Қазақстан конькимен жүгіруден төртінші орын алды](/media/k2/items/cache/e203343b85e9a9d649c1216a8c73d174_XL.jpg)
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында конькимен жүгіру спортынан ерлер арасындағы командалық спринт жарысы аяқталды, деп хабарлайды olympic.kz.
Қазақстан құрамасы атынан Алтай Жәрдембекұлы, Никита Важенин және Артур Галиев сынға түсті. Біздің спортшылар жалпы есепте төртінші орын алды.
Алтын медальді Қытай спортшылары жеңіп алса, күміс Оңтүстік Кореяға бұйырды. Жапония құрамасы үшінші нәтиже көрсетті.