Қысқы Азия ойындары: Қоржынға екі алтын түсті. LIVE

Қоржынымызға қос алтын түсті. Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Кезекті жарыс күні біз үшін сәтті басталды. Қазақстандық фристайл шеберлері Олимпиада чемпиондарын ұтып, Азия рекордын жаңартты. Соның арқасында тарихи жеңіске жетті. Бұған қоса, биатлоннан да алтын жүлдеміз бар.