Өскемендік хоккейшілер республикалық спартакиадада топ жарды

Шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қатарынан 6-шы рет республикалық қысқы спартакиада ойындарында топ жарды, деп хабарлайды 24kz

Өскемендіктер 4 ойынның төртеуінде де жеңіске жетіп, 12 ұпаймен бірінші орын алды. Ал Астана 9 ұпаймен екінші сатыға жайғасса, Алматы 6 ұпаймен үздік үштіктен көрінді. Жарысқа еліміздің 5 өңірінен барлығы 97 хоккейші қатысты.

Андрей Корабейников, жаттықтырушы:

- Спартакиада 4 жылда бір рет өтетін бәсеке. Осы жолы хоккей жарысын Өскеменде қабылдадық. Қарсыластардың деңгейі жаман емес. Бастапқы екі ойын біз ойлағандай оңай өтпеді. Тек соңғы 2 кездесуде қарсыластарымыздан лайықты түрде басым түсіп, жеңімпаз атандық. Барша қолдау танытқан жанкүйерлерге алғысымды айтамын.