Азиада-2025: хоккейден Қазақстан құрамасы алтын жеңіп алды
Қазақстан құрамасы алтын жеңіп алды. Қытайдың Харбин қаласында Қысқы Азия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін ерлер арасындағы хоккейден медальдар жиынтығы сарапқа салынған болатын. Финалда Қазақстан және Жапония спортшылары кездесті. Бірер минут бұрын ғана ойын нәтижесі белгілі болды. Қазақ жігіттері ірі есеппен басым түсіп, Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанып отыр.