Елордада боччадан оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Астанада боччадан оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Онда отандық спортшыларға Корея, Таиланд елдерінен келген жаттықтырушылар озық тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Басқосуға бас-аяғы 16 спортшы мен 9 өңірлік федерациясының басшылары қатысып отыр.
Бүгін пара-атлеттердің жаттығуына Сенат төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев арнайы барды. Ол шетелдік мамандарға алғыс білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Чол Хён Квон, боччадан халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы:
- Мен 15 жылдан астам уақыттан бері боччадан жаттықтырушы болып еңбек етіп келемін. Бұл менің оқу семинарын өткізу жөніндегі Қазақстанға екінші сапарым. Осыдан екі жыл бұрын осында алғаш келдім. Шын мәнінде, сол кезде қазақстандық спортшылардың ынта-жігері мен құлшынысына таң қалдым. Сондықтан семинарды екінші рет өткізуге шақыруды зор қуанышпен қабылдадым.