Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Бакудегі Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Ерасыл Қажыбаев Баку Grand Slam турнирінде жүлдеге ілікті, деп хабарлайды 24kz.

Дзюдо бойынша да әлемдік аламандар басталды және 2025 жылдың ең алғашқы турнирлерінің бірін Әзірбайжан астанасы қабылдаған болатын. Оған 36 елден 300-ге жуық қатысушы жиналды. Араларында 12 ұлттық құраманың өкілі бар. Қазақстандық спортшылар бір ғана медаль жеңіп алды. Оны жарыстың соңғы күні аса ауыр салмақта белдескен Ерасыл Қажыбаев әкелді. Ол қола үшін күресте әлем чемпионы, грузиялық Саба Инанеишвилимен кездескен болатын. Жекпе-жек ә дегеннен тартысты басталып, қос спортшы да екі рет шидодан алды. Артынша Ерасыл қарсыласын иппонға түсіріп, айқын басымдықпен ұтты. Осылайша, Қазақстан құрамасы 1 ғана қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 16-орында тұрақтады.