Қызылорда облысының Қармақшы ауданында футбол манежі салынады

Жосалы кентінен бой көтеретін спорттық нысан ауыл жастарының ұсынысы бойынша қолға алынған.

Мамандардың айтуынша, ауданда футболмен шұғылданатындар қатары артып отыр. Тұрғындардың 40 пайыздан астамы бұқаралық спортқа бет бұрған. Соңғы екі жылда Қармақшының Жосалы кенті мен Үшінші интернационал, Дүр Оңғар ауылдарынан 3 спорт кешені жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Ал Ақай ауылында салынып жатқан спорт кешені жуырда ашылады. Бұған дейін бұл ауылдың жастары ескі әлеуметтік нысандардың бір бөлмесінде шыныққан. Мысалы, Үшінші интернационалдың балалары мәдениет үйінің бір бөлмесінде дзюдо үйірмесіне қатысып келген. Қолда бар дүниелермен жаттықса да, шәкірттеріміз халықаралық турнирлер мен ел біріншіліктерінде топ жарып жүр,-дейді бапкерлер.

Ғалым Ержанов, спорт мектебінің директоры:

-Бұрын енді осы ауылымызда мәдениет үйі, клуб болған. Сол жерде бір бөлмеде ғана жаттығып, дәл мынадай жағдай болмаған. Қазіргі таңда заманға сай спорт кешендері салынып жатыр. Өте жақсы, керемет балаларға, оқушыларға, инвентарьларымен, заттармен келіп отыр. 50-ге жуық спортшы күнделікті жаттығып жатыр.