Бокс: Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атанды

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол қарымта матчта жеңіске жетіп, әлемнің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды 24kz.

Sports.kz-тің хабарлауынша, ол жерлесі Артур Бетербиевпен Сауд Арабиясында күш сынасып, одан басым түскен еді. Сөйтіп, жартылай ауыр салмақтағы әлемнің жаңа чемпионы атағына ие болды. Бұл Биволдың кәсіби мәнсабындағы 24-ші жеңісі. Ал Бетербиев үшін тұңғыш жеңіліс.