Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды

Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды
olympic.kz

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz.

Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.

Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.