Маңғыстауда спорттық мектеп-интернат ашылады
Қазірдің өзінде оның ғимараты таңдалып, әкімшілік жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Ал, алдағы оқу маусымнан бастап толыққанды іске көшеді. Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш мәлімдеді. Ол жергілікті спорт мамандарымен және спортшы жастармен кездесіп, саладағы көкейкесті мәселелерді талқылады. Оның ішінде аймақта спорттық бағыттағы мектеп-интернаттың жетіспеушілігі сөз болды. Бұл проблема біртіндеп шешімін тауып келеді. Қазірдің өзінде мектеп интернаттың аумағы және ғимараты таңдалып, әкімшілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл оған 125 баланы іріктеп, алғашқы оқу маусымын бастайды. Аталмыш мектеп-интернатта олимпиада бағдарламасына кіретін 5 бағыт бойынша болашақ чемпиондарды даярлаумен айналысады.