Астанада қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионат өтіп жатыр
Чемпионат осы спорт түрінің негізін қалаушы Рустам Абдалимовтың 80 жылдығына орайластырылған.
Жарысқа республиканың түкпір-түкпірінен 400-ден астам адам қатысуда. Мұндағы ерекшелік - елдегі күштік құрылым қызметкерлерінен бөлек спорт саласының мамандары да “жекпе-жек” және “өзін өзі қорғау” бағыттары бойынша сынға түседі. Сөйтіп, жеңімпаздар қоян қолтық ұрыстан мамыр айында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Асылбек Смайылов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері:
- Дайындығымыз өте мықты үлкен деңгейде өтті. 1,5 ай дайындалдық. Бұл әлем чемпионатына іріктеу болған. қарсыластарым өте мықты деңгейде. Бірінші жекпе-жегім Тараз қалсынан, екіншісі Қостанай облысынан болды.
Марат Ағамбаев, халықаралық дәрежедегі спорт төрешісі:
- Мемлекеттік органдар ғана емес, күштік құрылымдар ғана емес, тағы қарапайым адамдар да қатысып жатыр. Біздің жарысымыз 8 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр. бұл жарыс ересектер арасында. Жоғары деңгейде өтіп жатыр.