Конькиші Евгений Кошкин Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль иеленді

фото: olympic.kz

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Қазақстандық спортшы 500 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетті. Оның уақыты – 34,46 секунд.

Мәреге екінші болып канадалық Лорен Дюбрель жетті – 34,51 секунд. Қола жүлдені нидерландтық Еннинг Де Боо иеленді – 34,52 секунд.

Айта кетейік, бұған дейін осы Әлем кубогының кезеңінде Кошкин үшінші орын алған болатын.