Дмитрий Патанин спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогі кезеңінде күміс жеңіп алды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дмитрий Патанин
Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.
Гимнаст қоссырықтағы (брусья) жарыста сәтті өнер көрсетті.
Патанин төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Бірінші орынды жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алды.
Үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) қорытындылады.