Ханчжоуда каратэден премьер-лига кезеңі өтеді
Үздік каратэшілер Қытайға жиналды, деп хабарлайды 24kz.
Себебі бүгін Ханчжоуда каратэден премьер-лига кезеңі өтеді. Байрақты бәсекеге 68 елден келген 400 спортшы қатысады. Әр салмақтың тек үздік 32 каратэшісі бақ сынайтын додада ел намысын 13 спортшы қорғайды. Құрама олимпиада, әлем және Азия чемпионаттарында топ жарған спортшылардан жасақталған. Дәлірек айтсақ, ерлер арасында Дархан Теміралиев, Нұрқанат Әжіқанов, Данияр Юлдашев, әйелдер сапында Мөлдір Жаңбырбай, Әсел Қанай, Софья Берульцева сынды үздіктер бар. Жарыс 16 наурызға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, өткен жылы Парижде өткен жарыста Қазақстан құрамасы 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған болатын.