Берік Уәли «Семей» футзал клубын жеңісімен құттықтады

Абай облысының әкімдігі

Облыс әкімі «Семей» футзал клубын жеңісімен құттықтады.

– Футзалдан «Семей» клубы Қазақстан кубогының финалында алматылық «Қайратты» 5:1 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет бұл мәртебелі жүлдені иеленді! Команданы осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Семей футзалы үшін тарихи сәт. 2023 жылы ғана құрылған клуб осындай жоғары жетістікке жетіп, бәрімізді қуантты. Футболшылар мен бапкерлер құрамы Семей қазақ футболының алтын бесігі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер. Біз өздеріңізбен мақтанамыз! – деп жазды Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.