Әйелдер күресі: Зейнеп Баянова Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

olympic.kz

Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстандық спортшы 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрлықтық біріншілікті үшінші орынмен аяқтады.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Зейнеп моңғолиялық Отгонтуи Чинболдты 10:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Жәмилә Бакбергенова (72 келіге дейін) алтын медаль үшін күрессе, Тыныс Дубек (62 келіге дейін) пен Гауһар Мұқатай (65 келіге дейін) қола жүлде үшін белдеседі.