Қазақстандық киберспортшылардың WEC25 турниріне қатысуға мүмкіндігі бар

Қазақстандық киберспортшылардың әлемдік World Esports Championship 2025 турниріне қатысуға мүмкіндігі бар.

Үміткерлер алдымен Counter-Strike 2, Dota және eFootball ойындарынан бақ сынап, іріктеуден өтеді. Әрі қарай әлемдік додаға жолдама алып, аталған бағыттар бойынша ел намысын қорғайды. Қазақстанның киберспорт федерациясы отандық виртуалды ойыншыларға бұл мүмкіндікті құр жібермей, турнирге қатысуға шақыруда. Іріктеу ойындары әлемнің 136 елінде өтеді. Айта кетейік, елде кей спорт түрлеріне қарағанда киберспорттың озып тұрғаны рас. Себебі Қазақстандық геймерлер Дота, CS 2 секілді ойын түрлерінен әлемде фаворит саналады.