Бокс: Астанада Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгемен кездеседі

Жәнібек нокаутпен жеңеріне сенімді. Ертең Астанада көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды 24kz.

Ең басты жекпе-жек қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анаэль Нгамиссенгеге арасында болмақ. Олар WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақтарды сарапқа салады. Яғни, Жәнібек өз титулдарын қорғауы қажет. Бұған дейін отандық бокс мамандары Жәнібектің уақытынан бұрын жеңіске жетеріне сенім білдірген еді. Енді бокс кеші алдындағы баспасөз мәслихатында жерлесіміз осы пікірді растады. «Керемет шоу көрсетіп, уақытын бұрын аяқтаймын», - дейді.

Ал, қарсыласы Анаэль Нгамиссенгеге алдағы жекпе-жекте барын салып, чемпиондық атақтарды тартып алуға тырысары  анық. Сол үшін арнайы Астанаға табан тіреп отыр. Оның жасы келгенін және осал боксшы екенін айтып жүрген сарапшыларға ренішін де білдірді. Еске сала кетейік, Анаэль бүгінге дейін 14 жекпе-жек өткізіп, 14-інде де жеңіске жеткен. Оның 9-ын тіпті нокаутпен ұтты. Енді осы жеңіліссіз серияны жалғастыруға үмітті.  

Анаэль Нгамиссенге, кәсіпқой боксшы:

- Қазақстанға келерде белгілі бір кедергілер болды. Бірақ барлығы реттелді. Біз әдейі осында бір апта бұрын жеттік және тыңғылықты дайындалып үлгердік. Бұрын қазақ боксшыларымен жұдырықтасып көрмедім. Десе де, әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да тәжірибем бар. Ал, мені осал санайтын сарапшылар спорттық мансабымды дұрыс зерттемеген. Мен өте жақсы боксшымын Мен өте мықты боксшымын.