Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесті
Үкімет басшысы Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Онда олимпиадалық қозғалысты қолдау, бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау және халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, инфрақұрылымды жаңғырту мен су спорты түрлерін дамыту перспективалары қаралды. Жиынға Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының және Қатар олимпиада комитеті мен өзге де халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысты.