Президент «Барыс» клубындағы жағдайға байланысты жауапты органдарға тапсырма берді

Мемлекет басшысы «Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер командасы ойыншылары ата-аналарының, шағымына назар аударды, деп хабарлайды 24kz.

Хатта қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелерге байланысты Қазақстандағы балалар хоккейінің келешегіне алаңдаушылық білдірген. Ата-аналардың жазуынша, аталған мәселеге клубтың қазіргі басшылығы көз жұма қараған. Сондықтан Президенттің осы іске араласуын сұраған. Қасым-Жомарт Тоқаев осы жағдайға байланысты жауапты органдарға тапсырма берді. Шағымда көтерілген түйіткілдер, клубтың отандық және шетелдік ойыншылар, жаттықтырушылар, басқа да ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелері, бюджет шығындарын оңтайландыру арқылы шешімін тапты. Кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шара қабылданды.