Атырауда Ассамблея жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай шағын футболдан «Assembly Cup» турнирі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Этномәдени бірлестіктер арасында достық қарым-қатынасты насихаттауға арналған спорттық сайыста 8 команда бақ сынады.
Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табысталды. «Мұндай іс-шаралар жастар арасында бұқаралық спортты дамытып, ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді», – дейді ұйымдастырушылар.
Нұрхан Бағытжанов, облыстық «Ассамблея жастары» бірлестігінің төрағасы:
- Ұлтаралық татулықты нығайту, жастар арасында бос уақытын тиімді пайдаланып, жат қылықтардан сақтау – біздің басты мақсатымыз. Жарысқа 100-ге жуық адам қатысып жатыр. Оның арасында БАҚ өкілдері, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары бар.