«Аңыздар ойыны»: Қазақстан мен Әлем құрамасы тең түсті
Қазақстан мен Әлем құрамасы тең түсті. Астанада футбол күніне орай ұйымдастырылған футбол аңыздарының кездесуі аяқталды.
Алғашқы минуттан қос құраманың аяқ доп шеберлері жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Бірінші болып әлем футболының жұлдыздары есеп ашты. Оны испаниялық фудболшы өз атына жазды. Ал екінші кезеңде Азат Нұрғалиев екі мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тауып, командасын алға шығарды. Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Давид Лория қорғаған Қазақстан құрамасының қақпасына пенальти белгіленіп, оны болгариялық ардагер шабуылшы Дмитрий Бербатов шебер орындады. Осылайша жолдастық кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.