Александр Бублик Мадридтегі турнирдің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте (Испания) өтіп жатқан "Мастерс" сериясындағы турнирдің ширек финалына шыға алмады. 

1/8 финалда қазақстандық спортшы чехиялық Якуб Меншикпен кездесті. 

Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Меншик 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Бублик осы турнирдің үшінші айналымында әлемнің сегізінші ракеткасы ресейлік Андрей Рублёвті жеңген болатын.