Қазіргі бессайыстан Әлем кубогі кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
Қазіргі бессайыстан Болгарияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды.
7-11 мамыр аралығында Болгарияның Пазарджик қаласында қазіргі бессайыстан Әлем кубогінің кезеңі өтеді.
Аталмыш ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасынан екі спортшы бақ сынайды.
2024 жылғы Олимпиада қатысушысы Георгий Борода-Дудочкин мен Константин Сычев жүлделі орындар үшін жарысқа қатысады.
Ал жуырда ғана Венгрия астанасы Будапештте өткен кезеңде Темірлан Әбдраимов жартылай финалға дейін жеткен болатын.