Астанада дипломаттар арасында үстел теннисінен жарыс өтіп жатыр
Астанада дипломатия өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Жарысқа АҚШ, Жапония, Сербия, Хорватия және Бельгия сынды 15 шақты мемлекеттің 80-ге жуық елшісі қатысып жатыр.
Тартысты бәсекеде Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының және өзге де халықаралық ұйымның өкілдері бой көрсетті. Жарыс қорытындысына сәйкес қазылар алқасының шешімімен үздік төрт команда анықталады. Жеңімпаздар естелік медальдар мен кубоктарға ие болады. Турнир ұйымдастырушыларының пікірінше, мұндай спорттық шаралар дипломаттар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда зор септігін тигізеді.
Қайырболат Сахметов, «Астана» дипломатиялық клубының президенті:
- Бұл шараға қатысу арқылы дипломаттардың іскерлік байланыстары бекіп, сенімді әріптестік қарым-қатынас орнайды. Сондықтан алда боулинг, гольф, воллейбол сынды өзге де спорт түрінен осындай турнир өткізсек деп жоспарлап отырмыз.