Хоккейден Қазақстан құрамасы Словениядан жеңіліп қалды
Жерлестеріміз Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты алдында Швецияның Уппсала қаласында Словенияға қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды 24kz.
Кездесу қарсыластардың сенсациялық жеңісімен аяқталды. Матч барысында жерлестеріміз 2:0 есебімен алда тұрды. Алайда словениялық хоккейшілер қатарынан үш шайба соғып кетті. Қорытынды есеп – 2:3.
Айта кетейік, қос құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, екеуінде словениялықтар басым болды. Енді отандастарымыз әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 10 мамыр күні Норвегияға қарсы өткізеді.