Мағжан Шамшадин: Grand Slam-де топ жаруға барымды саламын

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Астана Grand Slam-інде топ жару үшін барын салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.

Жанкүйерлеріне уәде берген отандық татами шебері бұл туралы желіде жазба жариялады.

«Қазақстан барысы Grand Slam-іне санаулы күндер қалды. Алла қаласа, осы сезімді қайтадан сіздерге сыйлаймыз», - деді ол. Естеріңізде болса, 2023 жылы аталған турнирде Мағжан 60 келіде топ жарған болатын. Ұлттық құрама мүшесі өткен жылы ел чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Оның есімі биылғы байрақты бәсекеде де жүлдеден үмітті балуан ретінде болжанып отыр.

Айта кетейік, Мағжан Шамшадин былтыр Париж Олимпиадасына қатысудан үмітті болған еді. Алайда ұлттық құраманың ішіндегі бәсекеде ол Сметов пен Серікбаевқа есе жіберіп, өз мүмкіндігін мүлт жіберіп алды.