Биыл пара және сурдо спортшылар 68 медаль еншіледі
Елде пара және сурдлимпиадалық спорт түрлері дамып келеді. Биылғы қаңтар-сәуір айларында пара және сурдо спортшылар 68 медаль еншіледі. Оның 30-ы алтын, 19-ы күміс, тағы 19-ы қола медаль.
Бұдан бөлек, олимпиадалық спорт түрлері бар. Ел қоржыны 227 медальмен толыққан. Оның 189-ы жазғы, 38-і қысқы спорт түрлерінен. Сондай-ақ олимпиадалық емес спорттағы жетістіктерімізді айта кету керек. Бұл бағытта отандық спортшылар 50 медаль қанжығаға байлаған. Бұған қоса Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан құрамасының тыңғылықты дайындығын байқаймыз. Әлем және Азия чемпионаттарында ел қоржынына 47 медаль түскен. Оның 29-ы алтын.